сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 17.02.2023 12:48

Ақбота Сейтмағамбет жақсы жаңалығын бөлісті

Фото: brod.kz

Белгілі әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында жақында қоныс той жасайтынын айтты. Қуанышымен бөліскен әнші қандай сыйлық қалайтынын да жасырып қалмады.

“Жақында қоныс той, Аллаға шүкір. "Қоныс тойға "шашуға не алып барайық?" деген туыстарым қатты әуреленбесеңіздер де болады. Осы Prada-ның сөмкесі болады”, – деп жазды актриса.