сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 7 17.02.2023 13:44

"Роза Рымбаева 5 мың, Төреғали Төреәлі 4 мың доллар": Әртістер телеарнаға гонорарсыз сұхбат бермейтін болған

Фото: Caravan.kz

Қазіргі таңда той мен концертті былай қойғанда телеарнаға сұхбат беруге де гонорар сұрайтын әншілер пайда болған көрінеді. 

Бұл туралы Жаңа қадам бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Caravan.kz  медиа-порталына сілтеме жасап.

"Біздің редакторлар зерттеу жасаған. Роза Рымбаева 5000 доллар, Төреғали Төреәлі 4000 доллар, Нұрболат Абдуллин 2000 доллар, Qanay 800 мың теңге, Заңғар Нұртас 700 мың теңге, Диета KZ тобы 500 мың теңге сұрайды екен", - деді тележүргізуші Жансерік Бейсеев.

Мұны БАҚ саласының өзге қызметкерлері де растап отыр.

"Сұхбатқа шақырған кезде "тегін сұхбат па?" деп сұраған 1-2 әртіс болды", - дейді Астана радиосының жүргізушісі Айза Аблаким.

Ал, әріптестерінің бұл әрекетін Әнші Дос былай деп түсіндіріп берді: "Мен барсам демек рейтинг көтеріледі деп ойлайды. Дәрігер болсын басқасы болсын шақырсаңыз рейтинг бермейді. Өйткені халыққа олар қызық емес", - дейді радио жүргізушісі.