сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 18 20.02.2023 9:18

Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы ата-енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Фото: cosmo.kz

Блогер, дизайнер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі парақшасына ұлы Назардың атасымен түскен суретін жүктеді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

“Мені білмейтін адамдарға айтарым, мен айналамдағы адамдармен жақсы қарым-қатынастамын. Тіпті Назардың ата-әжесімен де, әкесімен де араласамыз. Назардың атасымен түскен суретін көріп, маған жазып жатқан адамдар көп. Менің әлемімде бәрі жеңіл әрі оңай”, – деп жазды Айжұлдыз.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек 2020 жылы шаңырақ көтеріп, араға көп уақыт салмай ажырасып кеткен еді. Бір жылдан кейін екі тарап келісімге келіп, татуласты.  Ортақ некеден туған Назардың 1 жас тойында оған Адайбеков деп өз тегіне өзгерткен болатын.