сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 6 20.02.2023 10:53

Ерке Есмаханға сырға салды

Фото: инстаграм

Белгілі әнші Ерке Есмаханның шаңырағында сырға салу рәсімі өтті. Райымның туыстары қазақтың салт-дәстүрі бойынша қалыңдыққа сырға салды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

 

Ерке өміріндегі маңызды күнде әкесін еске алып, өзінің тілеуін тілеп отырған анасына алғысын білдірді.

“Әкем бүгін бір аунап түскен шығар. Бүгінгі қадамымызға ақ батасын, көп дұғасын айтып ортамызда отырар еді. Жатқан жерің жайлы болсын, әкешім. Анашым, жүз жасаңыз. Тебіреніп, толқып жүрген жүрегіңе Алла күшқуат берсін! Текті әулетке келін, есті жігітке жар болып барамын. Анамның ақ батасымен жаңа өмірге аяқ бастым. Бізге тілеулес болған қазақ халқына рахмет айтамын. Әр әулетте тек бақытты жұптардың қуаныш тойы болсын", – деп жазды әнші.