бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 610 21.02.2023 16:23

Елімізге белгілі тұлға өмірден озды

Фото: Ғылым ордасының facebook парақшасы

Елге белгілі ғалым, философия ғылым докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Әбдімәлік Нысанбайұлы 86 жасында дүниеден озды. Бұл туралы Teznews.kz порталы Ғылым ордасының facebook парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ә.Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазған. Бірқатар еңбектері 25 шет тілдерінде жарық көрген.