сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 68 21.02.2023 16:58

Әнші Айгүл Иманбаеваның концертінде әкесі алғаш рет көрермен болмақ

Фото: ашық дереккөз

Қазақ эстрадасының танымал өкілі, әнші-актриса Айгүл Иманбаева 14 наурызда Алматыда шығармашылық жеке концертін өткізбекші. Аталған мерекелік қойылымда әншінің әкесі алғаш рет көрермен болмақ, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Осыдан 8 жыл бұрынғы жеке концертім "Сен ғана" деп аталған. Осы жолы "Мен..." деген атаумен бергелі жатырмын. Келесі жолы "Біз" болатын шығар, бұйырса. Концерт толыққанды жанды дауыста өтеді. Қазір көрерменге жанды дауыста көңіл-күй сыйлау - маңызды.

Бірінші рет менің әкем келе жатыр. Оралдағы барлық тумаларым келе жатыр. Бұл да мен үшін жүрегім толқитын сәт. Өйткені әкеммен арада 40 жылдан кейін байланыс орнаған адаммын. Енді, кім ажыраспай жатыр? Тағдыр деген нәрсе бар... Сол тағдырға көндікпей, қарсы жүріп, жеңе білгеннің, кешіре білгеннің үлкен бақыт екенін менің жүрегім сезді.

Халық солай шынайы әлемге сүңгиді", - деді әнші "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ Айгүл Иманбаева өз концертінде бірнеш дуэт болатынын, бірақ өнердегі әріптестерінің басым бөлігі залда қонақ ретінде отыратынын атап өтті.