сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 21.02.2023 18:18

Төреғали Төреәлі Ерке Есмаханға өлең арнады

Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Төреғали Төреәлі өнердегі әріптесі Ерке Есмаханға өлең арнап, қуанышымен құттықтады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Өнер иесі арнауын өзінің желідегі парақшасында жариялады.

Ерке қыз, күн қыз, жұлдыз қыз
Алла қосыпты айыңмен.
Алла қосса, біз кімбіз?!
Бақытты бол Райыммен!
Біздерді жұп қып жаратқан
Құдіретті Құдай пайыммен.
Дәл солай сені қосыпты-ау
Сахнадағы сай ұлмен.
Құттықтайды ТТТ-лар
Болып жатқан тойыңмен”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылар Төреғалиға қошемет сөздер айтып, әншілердің сыйластығына сүйсінді.