сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 21.02.2023 18:46

Тұрсынғали Алагөзов продюсер әйелін қызғанатынын айтты

Фото: ашық дереккөз

Танымал продюсер Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсынғали Алагөзов сүйіктісін қаттықызғанатынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Бейбіт Әлібековтің сұхбатына сілтеме жасап.

“Баян Мақсатқызымен бірге көп уақыт өткіземіз. Кейде таңғы сағат беске дейін әңгімен-дүкен құрамыз, көп дүниені талқылаймыз. Әйелімді қатты қызғанамын. Егер еркек әйелін қызғанбаса, демек ол оны сүймейді. Соңғы уақытта көп киноға түсті. Түсірілімде сүйіспеген адамы қалмады. Жас жігітпен де, фильмдегі басты кейіпкер, танымал актермен де сүйісті. Бірақ ол жұмыс барысы болғандықтан түсіністікпен қараймын”, – дейді кәсіпкер.

“Әйеліңізбен үйлесімді қарым-қатынастың сыры неде?” деген сұраққа кәсіпкер:

“Ең бастысы сыйластық, сенім, мейірім және екеуі бір-біріне кешірімді болу керек. Бірақ оның нақты формуласы жоқ”, – деді ол.