сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 36 23.02.2023 10:56

Әнші Qanay: "Үлкен сахнаға мас күйде шығуға болмайды"

Фото: stan.kz

Көпшілікке Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай өнердегі сахнаға масаң күйде шығатын әріптестері жайлы пікір білдірді. Асхат Садырбайдың бағдарламасына келген әнші үлкен сахнаның киесі жайлы сөз етті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бағдарлама жүргізушісі: "Сахнаға ішіп, шегіп шыққан өнер жұлдыздарының әрекетін қалай ақтап алса болады?" - деп сұрады әншіден.

Ал әнші үлкен сахнаға масаң күйде шығуға болмайтынын айтты.

"Түнгі клуб сияқты ішіп шығатын жерлер болады. Онда бәрі ішеді. Соның буымен жүресің. Ал үлкен сахнаға мас күйде шығуға болмайды. "Ирина Қайратовна" тобының форматы сондай ғой. Рэп орындаушылары болғаннан кейін бе екен, әндері де соған сай. Үлкен сахнаға сау болып шыққан абзал", – деді Qanay.