сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 10 23.02.2023 11:19

Алматыда 4,1 балдық жер сілкінісі болды

Фото: БелТА

ҚР Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 8 сағат 01 минут 28 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.

"Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ" делінген кезекші оператордың хабарламасында.