бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 5 23.02.2023 16:38

Түркиядағы жер сілкінісінен 1858 бала жетім қалды

Фото: kp.ru

Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экичи зілзала салдарынан 1858 баланың жетім қалғанын жеткізді деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

"Ресми деректерге сәйкес 1858 жетім баланың 1645-і құжаттарын тауып, жеке басы анықталды. 1314-і туыстарымен байланыса алды. Алайда әлі 213 баланың құжаттарын таба алмай отырмыз", - деді елші.

Оның айтуынша, жетім балалар қазір мемлекет қамқорлығында. Ал туыстары бар балалар сол жақындарына беріледі. Қазір мемлекет тарапынан балаларға жан-жақты, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр екен.

Елші көптеген адамдар жер сілкінісі салдарынан жақындарынан айырылған балаларға патронаттық тәрбиеші атанғысы келетінін түсіндірді.

"Бұл балалар басқа елдерге асырап алуға жіберілмейді. Егер табылса, Түркиядағы туыстарының отбасыларына орналастырылады", - деп түйіндеді Экичи.