сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 23.02.2023 17:42

Айгүл Иманбаева: "Концертіме 40 жылдан кейін табысқан әкем келеді"

Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева жақында жеке ән кешін өткізбек.  Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында халыққа есеп беріп, туған күні мен уақытша болса да шетелге оқуға кететіндіктен қоштасу кешін өткізетінін айтты, хабарлайды Teznews.kz порталы.

Әнші ән кешінің  неге “Мен...” деп аталатына тоқталды.

“Мен” деген сөздің ауқымына көп дүние кіреді. “Мен” дегеннің астында тәкаппарлық жатқан жоқ. Дәл сол кеште көп дүниенің басы ашылады. Үлкен жаңалығым, шығармашылығымдағы есеп беру өз алдына болса, 40 жылдан кейін табысқан әкем бала-шағасымен келе жатыр. Екіншісі, тағы да бір келе жатқан адам бар. Оның кім екенін ашып айтпай-ақ қояйын. Концертте жалпы менің жеке өміріме, отбасыма, шығармашылығыма, жүріп өткен жолыма қатысты дүниелердің түйіні ағытылады. Екі маңызды адам келеді. Мені толғандырып, толқытып жүрген дүние сол болса керек”, – дейді өнер иесі.