сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 144 27.02.2023 9:20

Жетісу облысында жол апаты болып, бір адам қайтыс болды

Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында көлік аударылып, бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 ақпанда Панфилов ауданында 67 жастағы ер адам Батыс Қытай - Батыс Еуропа автожолының 275 шақырымында, рулге ие болмай, көлік аударылды. "Ауди-100" автокөлігі еді.

"Көліктің салонында төрт жолаушы болған: 1962 жылы туған жолаушы қайтыс болды және екеуі ауыр жарақат алып ауруханаға жатқызылды" делінген хабарламада.

Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының патрульдік және жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастырып жатыр.