сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 12 27.02.2023 15:21

Нұржан Төлендиевтің қызының тойындағы алып торт көпшілікті таңғалдырды

Фото: видеодан скриншот

Елімізге танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев тұңғышы Қорланды ұзатқан еді. Ал күні кеше әзілкештің қызының тойы өтті. Дүркіреп өткен тойда Төлендиевтің қызы мен күйеу баласы алып торт кесіп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ақ көйлек киген маңызды күнінің видеосын әзілкештің қызы Қорлан Instagram парақшасында көпшілікке бөлісіп отырды. 

Видеодан үш қабатты алып тортты байқауға болады. "Үй" түріндегі тортқа тірек ретінде бірнеше торттарды пайдаланған.

Сонымен қатар видеодан Нұржан Төлендиевтің қызы мен болашақ күйеу баласы заңды некесін қидырып, құжаттарға қол қойғанын да байқауға болады.