сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 28.02.2023 17:28

Айгүл Иманбаева пластикалық ота жасатты

Фото: инстаграм

Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева көзін үлкейту үшін блефаропластика жасатты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

 

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында пластикалық хирургтың көмегіне жүгінетінін мәлімдеді. Өнер иесі ота жасатпас бұрын ұзақ уақыт дайындалған. 

“Блефаропластикаға бара жатырмын. Ақыры жасатуға бел будым. 40 жастан кейін сиқырлы таяқша жоқ”, – дейді әнші.

Ота жасап болғаннан кейін ол әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, оқырмандарына оның нәтижесін көрсететінін айтып, уәде берді.