бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 25 01.03.2023 17:12

Нұрлан имам президенттің қандай болуы керегін айтты

Фото: halyq-uni.kz

Әлеуметтік желіде танымал болған Нұрлан Байжігітұлы ел басқаратын адамның қандай болу керегін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

 

Дінтанушының ел басшысы туралы айтқан видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті.

Оқырманның: “Мемлекет басшысы қандай болу керек?” деген сұрағына ол: “Мен қандай болуым керек” деп неге өзіңнен сұрамайсың? Содан мемлекет басшысы шығады. Ол адам, ниеті дұрыс, Отанын сүйген, иманды, әке тәрбиесін көрген, ішкі дүниесі кең адам болу керек. Біз президентімізді басқа мемлекет басшыларымен салыстырамыз. Мен оған қарсымын. Біздің қазақтың өзінің жолы, бабалар салған сара ізі, руханиятымыз, байлығымыз, ұстанымымыз, дініміз, тіліміз бар. Мүмкін, шетелдің жақсы тұстарын алу керек шығармыз. Қазіргі басшымыздың бойында аталған қасиеттер бар”, – дейді дінтанушы.

Сондай-ақ ол қазіргі жастардың елімізді жақсы жаққа өзгертетініне сенім білдірді. 

“Бұйырса, бәрі жақсы болады. Мен соған сенемін. Елімізде парақорлық, арсыздық, туысқанмен жұмысқа кіру тоқтайды. Оны сіздер тоқтатасыздар”, – деді Нұрлан Байжігітұлы.