сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 4 07.12.2022 17:30

Аю атқан азмат ұсталды

nege.kz

Әлеуметтік желіде өлген аюмен фотоға түскен белгісіз азаматтың фотосы қызу талқыға түскен еді. Жетісу облысының полицейлері күдіктіні анықтағанын хабарлады.

«Жетісу облысының полицейлері атылған аюмен суретке түскен ер адамды анықтағанын хабарлаймыз. Белгілі болғандай, фотосурет осы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданының тауларында түсірілген. Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді.

Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 337-бабына сәйкес "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған" жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеуді облыстық Полиция департаменті бақылауға алды», – деп хабарлады облыстық полиция.