бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 43 03.03.2023 9:34

"Ол-ерекше адам": Айнұр Тұрсынбаева күйеуімен қалай танысқанын айтып берді

globalnews.kz

Шаңырақ көтергендеріне 4-5 жылға жуықтаған Айнұр Тұрсынбаева үшінші күйеуі Нұржан Иманәлиевтің ерекше жан екенін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сілтеме жасап.

“Біз әлеуметтік желі арқылы таныстық. Алғашында отбасы боламыз деген ой болған жоқ. “Адам айдаса бармайсың, Алла айдаса қалмайсың” дегендей Құдайдың қалауы осы болды. Біздің мінезімізде, өмірі жолымызда ұқсастықтар көп. Отбасы болғанымызға 4-5 жыл болды. Ол да, мен де өмірімізде қиналып жүрген тұста аяқ асты танысып, қосылдық”, – дейді айтыскер. 

Бағдарлама жүргізушісінің “Сіз ол кісімен танысқанда құрбыларыңыз қарсы болған жоқ па?” деген сұрағына Айнұр: “Ешкім қарсы болған жоқ. Мен кішкентай кезімнен оқуға түскенде, айтысқа шыққанда ешкім маған бағыт-бағдар бермеген, өзімнің білгеніммен жүретін адаммын. Ешкімнен ақыл сұраған емеспін. Түйсігім, жүрегім не дейді соны істеймін. Алладан дұға қылып, тәуекел етемін. 

“Тұрмысқа шыққанға дейін ол кісі мінез көрсеткен жоқ. Мінезі одан кейін шықты. Алғашқы кезде қарсыласу, өкіну көп болды. Кейін мен өзімді тану арқылы, ол кісіні таныдым. Ол – ерекше адам. Мысалы, бүгін қолында 10 миллион болуы мүмкін, ертең 10 теңгесі де болмай қалады. Таныстарымыз арқылы күйеуімді іздеген адамдар болды. Оның кім екенін біліп, күйеуімнен сұраса, танымайды. Сөйтсе ол адам бір кездері қиналып жүргенде Нұржан оған көлігін беріп кеткен екен. Бірақ Нұржанның өзі оны танымайтын болып шықты. “Қонаққа жалғыз атын сойып беріп, жүгенін ұстап қалар ертеңінде” деген сол кісі туралы айтылған, – деді.

Айнұр Тұрсынбаева "Нойс" лақап атымен танымал жолдасынан мүлде қорықпаған. Алайда ол күйеуінің мінезі ауыр екенін де жасырмады.

“Мінезі адуынды, бұзықтығын, мінезділігін көп адам біледі. Бірақ шындығында мінезі өте жұмсақ. Негізгі болмысы мүлде ондай емес. Тіпті, романтикалық кино көрсе жылап қалады. "Нойс" лақап аты мектепте шулатып жүрген соң мұғалімдердің айтқаны екен. Ол кіснің жанында бес күн жүрген адам “Сізді қалай ел сондай деп айтады?” деп таңғалады. Онысы енді шындыққа жанаспайды”, – дейді айтыскер.