сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 14 06.03.2023 9:22

"Қатты қызғаншақпыз". Дастан Оразбеков отбасылық өмірі жайлы айтты

Фото: syrlasu.kz

Белгілі әнші Дастан Оразбеков Динара Сәтжанға берген сұхбатында отбасылық өмірі және танымалдықтың кері тұрстары жайлы айтты, деп хабарлайды teznews.kz порталы.

“Отбасың сенің танымалдығыңа қалай қарайды? Жұбайың мен екі ұлың бұған үйреніп кеткен болар?” деген сұраққа әнші:

“Иә, үйреніп кетті. Әйелім де, мен де қатты қызғаншықпыз. Бірақ қызғаныштың шегі, орны бар. Жұбайым қызғанышқа себеп болатын әрекетке бармайды. Бөтен біреумен құшақтасқаны былай тұрсын, ешкіммен билемейді. Тіпті досы шақырса да. Сырттай білдірмесем де, мұнысы маған ұнайды. Ал менің тыңдарманыммен кері байланысым, қарым-қатынасым қызғанышқа себеп болатыны сөзсіз. Бірақ шынайы махаббат болса сен көп нәрсеге төзесің”, – деп жауап берді.

Өнер иесі әйелі екеуінің арасында ұрыс-керіс болатынын да ашық айтты.

“Махаббат барда мен көп дүниеге кешіріммен қарайсың, қаншалықты қиын болса да түсінуге тырысасың. Жұбайым екеуіміздің жанымыз егіз. Өзара келіспей қалатын кездеріміз де болады. Бірақ бұл кикілжіңдер болмаса біз бір-бірімізді толықтыратынымызды түсінбес едік. Мен оңтүстіктің жігітімін, ол Қостанайдың қызы. Мінезі тік. Уақыт, тәжірибе бәріне үйретті. Ол – оңтүстіктің келіні. Әрине, қарым-қатынасымызда қиындықтар болады. Қолымызды бір сілтеп, ажырасуға дейін барған кездеріміз болды. Бірақ, мен онсыз қайтпекпін? Ол жанымда болмаса мен қиналып қаламын”, – дейді Дастан Оразбеков.