бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 5 06.03.2023 11:48

Айнұр Тұрсынбаева айтыскерлер жайлы шындықты айтты

Фото: stan.kz

Танымал ақын Айнұр Тұрсынбаева “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында “AMANAT” партиясына мүше болған Ринат Зайытов туралы шындықты айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

 

“Мен саясатқа шорқақ адаммын. “Неге депутат болмайсың?” дегендерге “Мен депутат болсам, халыққа пайдам тимейтін депутат боламын” деп жауап беремін. Ринаттың айтыстарына қарасаң, ол биліктен, біреуден қорқатын адам емес. Көп айтыста ақындарды жинап алып, “мынаны айтпаңдар” деп нақты тапсырма береді. Біз келісе кетеміз. Бірақ Ринат ешқашан оған бағынбайтын. Облыс әкімдері алдын ала шақырады, қонақ қылып күтеді, “осыны айтпай-ақ қой” деп өтініш жасайды. Ринат тура соны айтатын. Талай адам орнынан тұрып, залдан кетіп қалған жағдайлар болды. Ринат өз принциптеріне қарсы шығып, осы партияны пайдаланып, “депутаттың қанадай болатынын көрсетемін” деп отырған шығар. Ол – айтыста өз бағытынан ешқашан ауытқымаған адам”, – дейді өнердегі әріптесіне сенім білдіріп.