бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 6 06.03.2023 12:57

Қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға салынатын айыппұл мөлшері өсті

Фото: tvernews.ru

Бүгіннен бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұл мөлшері төрт есеге өсті. Бұл туралы Teznews.kz порталы хабарлайды.

6 наурызда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген, балағат сөз үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін түзетулер күшіне енді.

Бұған дейін қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға 5 АЕК (17 250 теңге) айыппұл бекітілген еді. Енді бүгіннен бастап бұл айыппұл мөлшері 20 АЕК (69 000 теңге) болып бекітілді.