сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 8 07.12.2022 18:15

Талдықорған: Тергеу изоляторында отырған күдікті өзіне қол жұмсады

3 желтоқсанда Талғар аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 19 жастағы күдіктіні ұстап, тергеу изоляторына қамаған. Екі күннен соң ол асылып қалыпты.

Күдікті «кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады» деген айыппен тергеу изоляторына қамалған. Алайда ол екі күннен соң, 5 желтоқсанда изолятор камерасында асылып тұрған күйінде табылыпты.

Осыған байланысты қажетті сараптамалар жасалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.