бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 4 07.03.2023 14:44

Қазақтар Джеки Чанға ат мінгізіп, шапан жапты

Фото: ашық дереккөз

Қытайдағы этникалық қазақтар белгілі актер Джеки Чанға шапан жауып, ат мінгізді деп хабарлайды Teznews.kz порталы. 

Ән айтып тұрған актердің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан оның "Ақ шашу" әнін қосылып айтып тұрғанын байқауға болады. 

Белгілі болғандай Джеки Чан Іле-Қазақ автономды округіне фильм түсіру үшін келген. Видео авторының сөзінше, қазақтар актерге шапан жауып, ат мінгізген.