сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 4 07.12.2022 18:54

Елімізде 4,5 млн адамның баспана алатын мүмкіндігі жоқ

Қазір елімізде баспанаға мұқтаж азаматтардың саны 4,5 миллионға жеткен, деп хабарлайды teznews.kz сайты «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш алдағы 7-8 жылда 10 миллионға дейін артуы мүмкін. Оны сала мамандары әлемде болып жатқан геосаяси жағдаймен және құрылыс материалдарының қымбаттауымен байланыстырып отыр. Себебі ондай материалдар өзімізде өндірілмейтіндіктен әлі күнге дейін импортқа тәуелдіміз.

Айта кетсек, бүгінде біз тұрғын үйді сатып алу қолжетімділігі бойынша 113 елдің ішінде 33-орында тұрмыз.