сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 18 09.03.2023 16:45

Толқын Забирова жолдасы мен үш баласы жайлы айтты

Фото: sputnik.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері , танымал әнші Толқын Забирова "Әйел әлемі" бағдарламасында әнші үш баласы мен жолдасы жайлы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

"Мен - бақытты әйелмін, бақытты анамын. Алла маған адал өмірлік жар берді. Бұрынғыдай көп нәрсеге жалтақтап, ойланып, басымды ауыртудан алшақтадым. Өйткені, нағыз азамат жаныңда жүрген кезде көп ауыртпашылықты өз мойнына алады. Шынында, менің жолдасым Сафар сондай адам. 25 жыл бірге өмір сүріп келеміз. Үш баламыз бар. Шүкір, әрқайсысы өз жолын іздеуде", - деді Толқын Забирова.