сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 38 13.03.2023 12:34

Ұлықпан Жолдасовтың ұлы екінші рет үйленді

©instagram.com/farida_zholdasova

Ұлықпан Жолдасовтың ұлы екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Фарида Жолдасова әлеуметтік желіде тойдағы суреттерін жариялады. 

Қыз ұзату да, үйлену тойы да Астанада өтті.

Өнер иесінің қуанышында отандық эстрада жұлдыздары да қонақ болып, ақ тілектерін арнады.

“Лұқпан Жолдасов пен Айған ханымның ұлдарының үйлену тойынан үзінді. Не деген әдемі жұп! Лұқпан аға “Алтынай” деп бекер ән салып жүрмеген екен ғой. Шаңырқтарына Алтынай есімді келін түсті! Құтты келін болсын”, – деген Маржан Арапбаева тойда өнер көрсетіп, жылы лебізін білдірді.

KYN.KZ сайтының жазуынша, жұлдызды әулетке келін болып түскен Алтынай да өнерде кенде емес. Ол қобыз бен скрипкада ойнайтын кәсіби музыкант. 

Болат Жолдасов 2014 жылы Дана есімді арумен шаңырақ көтеріп, ажырасқан болатын.