бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 16 27.03.2023 10:16

"Намаз оқыдым": Назарбаевтың экс-әйелі есірткіге қалай тәуелді болғанын айтты

Фотоколлаж: Teznews.kz

Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі, әнші Динара Әлжан бұрын есірткі қолданғаны жайлы "Уақыт көрсетеді" жобасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Ол сұхбат барысында бұрын әнші Кентал казиноға шақырғанын айтты. Ол жерде "ойыннан ұтылып қалған" Қайратты көргенін де мәлім етті. 

"Шарап іштім, кішкене мас болып қалдым. Сосын маған "Динара, мас болып қалған сияқтысың. Қазір рөлге отыруың керек" деп, дәретханаға ертіп кетті. Сол жерде маған "иіске, мастығың кетеді" деді" , - дейді әнші. 

Жүргізуші одан не екенін сұрағанда, "кокаин" деп жауап берді. 

Динара Әлжан бұрын-соңды есірткі қолданып көрмегенін, өйткені 13 жасынан бастап намаз оқып, кейін тастап кеткенін айтты. Отбасында да ешкім ішпейтінін, шекпейтінін жеткізді.

"Бір көремін, болды деп ойладым. Көрдім. Мастығым басылып қалды. Көңіл күйім керемет болды", - деген әнші кейін де есірткіге тәуелді болып, 2-3 күн сайын сатып алуға орташа есеппен 350 доллар жұмсағанын айтты.