сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 7 08.12.2022 16:51

Алтай Көлгінов Астана әкімі қызметінен кетті

Фото: abai.kz

Алтай Көлгінов Астана әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Ол президент жарлығымен 2019 жылдың 13 маусымында елорда әкімі болып тағайындалған еді. 

Ақорда сайтының мәлімдеуінше, Астана қаласының жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек болды.

«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын»  делінген хабарламада.