бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 14 29.03.2023 15:25

Белгілі жас әнші жансақтау бөліміне түсіп қалды

Фото: QURT

QURT лақап атымен танымал қазақстандық әнші Дамир Қойшыбаев жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денсаулығы туралы ақпаратты әртістің әріптестері желіде таратты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Атап айтқанда, әнші QURT-тың жағдайы туралы ақпаратты Скриптонит (Әділ Жәлелов) Instagram Stories-те баяндады. 

"Біздің досымыз Дамир Қойшыбаев (Qurt) жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Кез-келген топтың қаны шұғыл қажет. Алматы, Бұқар Жырау, 47 мекенжайы бойынша орналасқан қан құю орталығында тапсырсаңыздар болады", - деп жазды музыканттың әріптестері. 

Музыканттың әріптестері таратқан ақпаратқа сүйенсек, ол скутерден құлап кеткен.

БАҚ-та жарияланған ақпарат бойынша, әнші 22 жаста. Астанада дүниеге келген. Бұрын Скриптонитпен жұмыс істеген.