бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 128 03.04.2023 15:33

Үкіметте ауыс-түйіс басталып кетті

Фото: Tengrinews

Бүгін Үкіметте ауыс-түйіс басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.

 

Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды" делінген Ақорданың сайтында.

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.