бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 9 07.04.2023 12:10

Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын мерейтоймен құттықтады

Фото: Almaty.tv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

"Бүгін – дүниежүзілік денсаулық сақтау күні. ДДСҰ-ның құрылғанына 75 жыл толып отыр. Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз. Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайды", - деп жазды президент.